Жылдың мерейлі даталары

Жылдың мерейлі даталары
martebe.kz

Наурыз

5 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кәдірбек Демесінов 70 жасқа;

9 наурызда жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай 75 жасқа;

13 наурызда әнші, жыршы, педагог Набат Ойнарова 75 жасқа;

25 наурызда ҚР ҰҒА академигі, профессор Әлия Бейсенова 90 жасқа толады.

Бұл айда қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл (22.03), композитор Бақытжан Байқадамовтың туғанына 105 жыл (11.03), тарихшы-этнограф Нығмет Мыңжанидың туғанына 100 жыл (22.03), жазушы Амантай Байтанаевтың туғанына 100 жыл (10.03), жазушы Оразбек Бодықовтың туғанына 95 жыл (29.03), ҚР ҰҒА академигі, профессор Серік Қирабаевтың туғанына 90 жыл (23.03), ақын Әділбек Абайділдановтың туғанына 90 жыл (28.03), ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына 85 жыл (8.03), ақын Жүсіп Қыдыровтың туғанына 85 жыл (18.03), Қазақстанның халық әртісі Зейнеп Қойшыбаеваның туғанына 85 жыл (6.03), ақын Жеңіс Қашқыновтың туғанына 80 жыл (4.03), режиссер, сықақшы Марат Сақатовтың туғанына 75 жыл (27.03), әдебиеттанушы-ғалым, профессор Бақытжан Майтановтың туғанына 65 жыл (27.03) толады.

 

Сәуір

10 сәуірде журналист-жазушы, шоқантанушы Жарылқап Бейсенбайұлы 70 жасқа;

19 сәуірде пианист, профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова 65 жасқа;

29 сәуірде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Айткүл Құдайбергенова 65 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстанның халық әртісі Қамал Қармысовтың туғанына 110 жыл (24.04), КСРО халық әртісі Күләш Байсейітованың туғанына 110 жыл (19.04), ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің туғанына 100 жыл (15.04), жазушы-публицист, кинотанушы, мемлекет қайраткері Камал Смайыловтың туғанына 90 жыл (24.04), Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор Шота-Аман Уәлиханның туғанына 85 жыл (26.04), ақын-термеші Шымболат Ділдебаевтың туғанына 85 жыл (22.04), танымал актер, ұстаз Есім Сегізбаевтің туғанына 85 жыл (17.04) толады.

 

Мамыр

1 мамырда ҚР ҰҒА академигі, профессор, журналист-жазушы,  Бауыржан Омарұлы 60 жасқа;

3 мамырда жазушы Қуаныш Жиенбай – 40 жасқа, әнші-композитор, актер Қадырғали Көбентай – 55 жасқа;

4 мамырда режиссер, кинодокументалист Қалила Омаров – 65 жасқа;

5 мамырда күйші-композитор, дирижер, өнертану профессоры Айтқали Жайымов 75 жасқа;

8 мамырда КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 85 жасқа;

10 мамырда жазушы, журналист Жанат Елшібеков 75 жасқа;

13 мамырда журналист, «Қазақстан-Тараз» телекомпаниясының президенті Мейрамбек Төлепберген 65 жасқа;

14 мамырда ҚР еңбек сіңірген әртісі Шәмшәгүл Меңдиярова 75 жасқа;

27 мамырда ҚР ҰҒА академигі, профессор, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков 85 жасқа толады.

Бұл айда Халық қаһарманы, қазақтың тұңғыш әйел-ұшқышы, соғыс ардагері Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл (15.05), әдебиеттанушы, профессор Мүсілім Базарбаевтың туғанына 95 жыл (15.05), Қазақстанның халық ақыны Әлімқұл Жамбыловтың туғанына 95 жыл (9.05), КСРО халық суретшісі Қанапия Телжановтың туғанына 95 жыл (1.05), әнші-термеші, композитор Мұхамеджан Рүстемовтің туғанына 90 жыл (15.05), «Тамашаның» тарланы Құдайберген Сұлтанбаевтың туғанына 75 жыл (1.05), әдебиеттанушы-ғалым, профессор Алма Қыраубаеваның туғанына 75 жыл (26.05), музыка зерттеушісі, күйші-домбырашы Жарқын Шәкерімнің туғанына 75 жыл (04.05), белгілі театр режиссері, Гете медалінің иегері Болат Атабаевтың туғанына 70 жыл (14.05), әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл (18.05) толады.

 

Маусым

13 маусымда ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрлан Оразалин 75 жасқа;

24 маусымда Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, актер, режиссер Нұрқанат Жақыпбай 75 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушы, қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың туғанына 120 жыл (3.06), қазақтың алғашқы кәсіби дирижері, КСРО халық әртісі, профессор Шамғон Қажығалиевтің туғанына 95 жыл (15.06), жазушы Танаш Дәуренбековтің туғанына 95 жыл (20.06), 1 маусымда ақын, журналист Қуанышбай Құрманғалидың туғанына 80 жыл (01.06) толады.

 

Шілде

2 шілдеде ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 80 жасқа;

3 шілдеде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Ақшолақов 70 жасқа;

15 шілдеде филология ғылымдарының докторы, профессор Телғожа Жанұзақов 95 жасқа;

25 шілдеде Халық қаһарманы, әскери қайраткер, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев 70 жасқа;

29 шілдеде спорттық гимнастикадан 5 дүркін Олимпиада жеңімпазы, 5 дүркін әлем чемпионы Нелли Ким 65 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстанның халық әртісі, биші Шара Жиенқұлованың туғанына 110 жыл (18.07), Ж.Неру атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, ақын Аманжол Шамкеновтың туғанына 95 жыл (20.07), әдебиетші, фольклортанушы Едіге Тұрсыновтың туғанына 80 жыл (10.07) толады.

 

Тамыз

Бұл айда мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабай Шаяхметовтың туғанына 120 жыл (30.08), ақын, аудармашы Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл (15.08), мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің туғанына 105 жыл (10.08), Кеңес Одағының екі дүркін Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл (5.08), әдебиетші-ғалым, сыншы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің туғанына 95 жыл (15.08), музыкатанушы, ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда ойнаушы Болат Сарыбаевтың туғанына 95 жыл (14.08), геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик Шахмардан Есеновтің туғанына 95 жыл (5.08), КСРО халық әртісі, композитор Еркеғали Рахмадиевтің туғанына 90 жыл (1.08), журналист-жазушы Кеңесхан Зәкеннің туғанына 85 жыл (20.08), КСРО халық әртісі, балетмейстер, хореограф Рамазан Баповтың туғанына 75 жыл (16.08) толады.

 

Қыркүйек

4 қыркүйекте жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Төлен Әбдікұлы 75 жасқа,

16 қыркүйекте ақын, журналист Шаһизада Әбдікәрімов 65 жасқа толады.

Бұл айда қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл (28.09), техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Өмірхан Байқоңыровтың туғанына 110 жыл (14.09), Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл (17.09), Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлық иегері, театр және кино режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің туғанына 90 жыл (1.09), суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ыдырыс Қарсақбаевтың туғанына 90 жыл (2.09), ҚР халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл (28.09), ақын, аудармашы Қайрат Жұмағалиевтің туғанына 85 жыл (16.09), жазушы Еркінбай Әкімқұловтың туғанына 85 жыл (04.09), атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлық иегері Кәмшат Дөненбаеваның туғанына 85 жыл (15.09), жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дүкенбай Досжанның туғанына 80 жыл (9.09) толады.

 

Қазан

14 қазанда жазушы, аудармашы Шәрбану Бейсенова 75 жасқа;

20 желтоқсанда жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков 75 жасқа;

28 қазанда ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Роза Рымбаева 65 жасқа толады.

Бұл айда мемлекет және қоғам қайраткері, филолог, публицист Нәзір Төреқұловтың туғанына 160 жыл, Қазақстанның халық жазушысы Әлжаппар Әбішевтің туғанына 115 жыл (15.10), көрнекті ғалым, тілтанушы, профессор Мәулен Балақаевтың туғанына 115 жыл (7.10), көрнекті қазақ энергетигі, профессор, академик Шапық Шөкиннің туғанына 110 жыл (1.10), шығыстанушы, этнолог, археолог Лев Гумилевтің туғанына 110 жыл (1.10), ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартаевтың туғанына 95 жыл (15.10), жазушы, тарихшы Еркінбек Тұрысовтың туғанына 90 жыл (12.10), ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтің туғанына 85 жыл (3.10), ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали Раушановтың туғанына 65 жыл толады.

 

Қараша

7 қарашада ҚР еңбек сіңірген әртісі Жанна Керімтаева 70 жасқа;

17 қарашада тарих ғылымдарының докторы, профессор, археолог Зейнолла Самашев 75 жасқа;

29 қарашада ақын Зейнолла Тілеужанұлы 80 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстанның халық жазушысы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл (29.11), жазушы, журналист Жайық Бектұровтың туғанына 110 жыл (15.11), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, кинооператор Михаил Аранышевтің туғанына 110 жыл (12.11), Қазақстанның халық әртісі Гүлжиһан Ғалиеваның туғанына 105 жыл (11.11), Қазақстанның халық әртісі Мүлік Сүртібаевтың туғанына 105 жыл (5.11), сықақшы-жазушы, драматург Садықбек Адамбековтің туғанына 100 жыл (15.11), балалар жазушысы Машқар Гумеровтің туғанына 95 жыл (11.11), Қазақстанның халық әртісі Бақыт Әшімованың туғанына 85 жыл (8.11) толады.

 

Желтоқсан

4 желтоқсанда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, сыншы, аудармашы Әлия Бөпежанова 70 жасқа;

26 қыркүйекте әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек 70 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстанның халық жазушысы, ақын Дихан-баба Әбілевтің туғанына 115 жыл (26.12), ақын, әдебиеттанушы, профессор Қажым Жұмалиевтің туғанына 115 жыл (28.12), жазушы Әди Шәріповтің туғанына 110 жыл (19.12), ақын Жұмағали Саинның туғанына 110 жыл (25.12), жазушы, аудармашы, дінтанушы Халифа Алтайдың туғанына 105 жыл (18.12), Қазақстан халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Айша Ғалымбаеваның туғанына 105 жыл (29.12), Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл (15.12), Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері, композитор Ғазиза Жұбанованың туғанына 95 жыл (2.12), академик, әдебиет сыншысы, фольклортанушы Рахманқұл Бердібайдың туғанына 95 жыл (2.12), жазушы, әдебиет зерттеушісі, академик Зейнолла Қабдоловтың туғанына 95 жыл (12.12), жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Нығмет Ғабдуллиннің туғанына 95 жыл (26.12), ақын, жазушы Оспанәлі Иманәлиевтің туғанына 95 жыл (21.12), Қазақстанның халық әртісі, домбырашы, күйші-композитор Мағауия Хамзиннің туғанына 95 жыл (29.12), музыка зерттеушісі, фольклортанушы Зейнұр Қоспақовтың туғанына 90 жыл (20.12), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актриса Мәрияш Жақсымбетованың туғанына 85 жыл (5.12), ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор Мыңжасар Маңғытаевтың туғанына 85 жыл (23.12), журналист-жазушы, баспагер Нұрмахан Оразбектің туғанына 85 жыл (01.12), жазушы, ғалым, әдебиет зерттеушісі Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл (12.12), жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қажығали Мұханбетқалиұлының туғанына 80 жыл (08.12)  толады.