Пәтер ұрлығы жылдың қай мезгілінде көп болатынын білесіз бе?

Пәтер ұрлығы жылдың қай мезгілінде көп болатынын білесіз бе?
236.56.мвд.рф

Қазақстанда ұрлық жасау қылмысы бойынша жаза қатаңдатылды

Елімізде өзгенің мүлкіне қол сұғуға қатысты қылмыстың жазасы қатаңдатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Диас Қадіров мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпатқа сілтеме жасап.

«Осыған дейін айтқанымдай, ұрлық қылмыс бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі - пәтер тонау. Пәтер тонаушылар екіге бөлінеді: кәсіби және әуесқой. Пәтер тонау көбінесе көктем мен жазда болады. Себебі күн жылы немесе ыстық кезде үй иелері терезе мен есікті ашық қалдырып жатады. Ал ұрлықшылар ол сәтті қалт жібермейді. Сондай-ақ, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап тонау мен ұрлыққа қатысты заңға өзгеріс енгізілді. Яғни ұрланған мүлік иесіне қайтарылып, екі жақ татуласқан күннің өзінде қылмыскер заңға сәйкес жазасын өтейді. Сол сияқты жаза қатаңдатылды», - деді Диас Қадіров полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, соңғы жылдары елорда аумағында ұрлық жасау қылмысы азайған.

«Осылайша Ішкі істер министрлігі қабылдап, біздің департамент іске асырып жатқан шаралар нәтижесін беріп жатыр. Дұрыс бағыттамыз деген сөз», - дейді ол.