Жыл соңына дейін 17 ерте оңалту-араласу орталығы ашылады

Жыл соңына дейін 17 ерте оңалту-араласу орталығы ашылады
Сурет: Solidarnost.org

Орталықтардың жаңа туған нәрестелердегі патологияны дер кезінде анықтап, емдеуге мүмкіндігі болады.

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Биыл жылдың басынан бері мүгедектікті сырттай белгілеудің пилоттық жобасы республика бойынша кеңейтілді.

Әлеуметтік қызметтер порталының арқасында техникалық құралдар мен емдік-сауықтыру қызметтерін алу мерзімі 8 айдан 30 күнге дейін қысқарды.

Жыл соңына дейін 17 ерте оңалту-араласу орталығы ашылады. Олар жаңа туған нәрестелердегі патологияны дер кезінде анықтауға және уақытылы емдеуге мүмкіндік береді.

Өңірлерде мүгедектігі бар адамдарға арналған 12 сауықтыру орталығын салу жұмыстары жүріп жатыр.

«Біздің міндетіміз —мүгедектігі бар адамдар үшін өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру», - деді Ә. Смайылов.