Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 744 адам қаза тапқан

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 744 адам қаза тапқан
Cурет: Ашық дереккөз

Биылғы 5 айда 5,2 мың жол апаты болған

Биыл жыл басынан бері жол апатынан 744 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Еnergyprom.kz мәліметінше, көлік апатынан көз жұмғандардың көбі Алматы (163 адам), Жамбыл (99 адам) және Түркістан облыстарында (63 адам) тіркелген.

Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы салдарынан болған өлім жағдайлары Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында да аз емес.
Мұнда 100 адамға шаққанда 31-35 адам көлік апатынан көз жұмады екен.

Ал қайғылы жағдайлар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына аз тіркелген. Бұл шаһарларда 100 адамға есептегенде 2-3 адам жол-көлік оқиғасынан қайтыс болады.

Биылғы 5 айда 5,2 мың жол апаты болып, одан 7,7 мыңға жуық адам зардап шеккен.
Жарақат алғандардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9 пайызға көп.