Жыл басынан бері тәртіпсіздік үшін әуе рейсінен 379 азамат түсірілді

Жыл басынан бері тәртіпсіздік үшін әуе рейсінен 379 азамат түсірілді
Сурет: Tonkosti.ru

Ұшақ бортында темекі шеккен қыздарға айыппұл салынды. 

Әуе кемесінің бортында темекі шеккені үшін Астана қаласының 20 жастағы тұрғыны акт бойынша Шарм-Эль-Шейх – Астана бағытындағы әуе рейсінен түсіріліп, көлік полицейлеріне берілді. Жас қыз ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды (153 150 тг), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Дәл осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін тағы бір жолаушы қыз, Орал қаласының тұрғыны, Орал – Алматы бағытындағы әуе рейсінен түсірілді. 

Айта кетейік, осы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейсінен 379 азаматты түсірді, оның ішінде әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін 106, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 204 адам жауапқа тартылған.