Жыл басынан бері 9 мыңнан астам адамның өмірі құтқарылды

Жыл басынан бері 9 мыңнан астам адамның өмірі құтқарылды
Сурет: Тengrinews.kz

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою - басты міндет.

Өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер, психологтар, диспетчерлер мен ұшқыштар төтенше жағдайларды жояды, өртті сөндіреді, адамдар мен мүлікті құтқарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жыл басынан бастап төтенше жағдайларды жою үшін ТЖМ өрт сөндіру қызметі, жедел құтқару және басқа да бөлімшелері 61 983 рет шығып, 9 863 адамды құтқарды

ТЖ аймағынан 10 627 адам эвакуацияланып, 3 690 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

9 727 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркелді, онда 1 481 адам зардап шекті.

ТЖМ кезекші-диспетчерлік бөлімшелері SMS-хабарламалардың бекітілген тізбесіне сәйкес, ұялы байланыс телефондарына SMS-хабарламаларды жіберу арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі туралы халықты хабардар ету жөнінде дереу шаралар қабылдайды.

Ұялы байланыс операторлары арқылы халыққа дауылды ескерту (көктайғақ, қатты жел, боран, қатты аяз, жаңбыр суының қаупі, қар көшкіні қаупі және т.б.), тас жолдарының жабылуы, сабақтардың тоқтатылуы бойынша 4558 смс-хабарлама жіберілді.

Жедел ден қоюды және шешім қабылдауды талап ететін ақпарат белгіленген тәртіпке сәйкес дереу тиісті басқару органдарына жеткізіледі.