Жиырмаға жетіп қалдық

Жиырмаға жетіп қалдық
Cурет: Turaninfo.kz

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 19 765 004 адамға жетті.

Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы келтірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атап айтқанда, 12 млн 208,2 мың адам қалада тұрса, ауыл тұрғындарының саны – 7 млн 556,7 мың адам.

«Былтыр республикада 403,5 мың сәби өмірге келді. Оның ішінде 208 мыңы – ұл бала, 195,5 мыңы – қыз бала. Ал 134,7 мың адам қайтыс болды. Халықтың табиғи өсімі өткен жылдың 12 айында 268,8 мың адамды құрады», - делінген хабарламада.

Бала туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Маңғыстау, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді.