Жигули Дайрабаев дауыс беруге келді

Жигули Дайрабаев дауыс беруге келді
www.inform.kz

ҚР Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев дауыс беруге келді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кандидат дауыс беруге таңғы 7:00-де Түркістан көшесінде орналасқан 396-шы сайлау учаскесіне келді. Оның қасында жұбайы, балалары және туыстары болды.

Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан түсті.

Жигули Дайрабаев бастаған топ өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының сайлаушылармен кездескен еді.