Жібек жолына арналған алғашқы археология сайты тамыздың аяғында іске қосылады

Жібек жолына арналған алғашқы археология сайты тамыздың аяғында іске қосылады
Сурет: Baq.kz

Сиань қаласында «Бір белдеу, бір жол» медиаынтымақтастығы форумы өтіп жатыр.

Форум аясында медиадиалог тақырыбында пленарлы сессия өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Shaanxi Daily газетінің бас редакторы Джан Лиани өз сөзінде алдымен пандемиямен күрескен қазақ туралы өз платформаларында жазғанын айтты. Сөзінше, оның көңіл толқытар оқиғасын ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жоғары бағалаған.

«Шэньси - археология зерттеулері саласындағы ең ауқымды провинциясы. Біз басқа да археология орталықтарымен біріге отырып археология саласындағы Жібек жолы веб-сайтын әзірледік. Бұл платформа қытай, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді», - деп айтты бас редактор форумда.

Оның сөзінше, сайт жұмысы толық аяқталды және ол тамыздың аяғында іске қосылады.

«Әрине, бұл сайт Жібек жолына арналған ең алғашқы археология сайты болады. Бұл платформада «Бір белдеу, бір жол» аясында жүргізілген археологиялық жұмыстар туралы мәліметтер болады», - деп түсіндірді Джан Лиани.

Айта кетейік, Shaanxi Daily газеті Қытайдың ең тарихи провинциялық газетінің бірі.

Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия, Әзербайжан, Беларусь Республикасы, Латын Америкасы елдері, Оңтүстік Корея, Мысыр және басқа да елдер қатысып жатыр.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында екі ел әртүрлі салада серіктестік орнатты.