Жібек Құламбаева жұптық сында жақсы өнер көрсетті

Жібек Құламбаева жұптық сында жақсы өнер көрсетті
inform.kz

Жібек Құламбаева Шымкент турнирінің финалына шықты

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Шымкентте ITF сериясы бойынша өтіп жатқан турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева ресейлік Анастасия Сухотинамен бірге жартылай финалда Беларусь өкілі Алена Фалей – ресейлік Мария Шолоховамен шеберлік байқасты.

Бірінші партия тартысты өрбіп, қазақстандық-ресейлік жұп тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (8:6).

Екінші сетте олар айқын басымдылық көрсетті – 6:2.

Ж.Құламбаева мен А.Сухотина финалда ресейліктер Екатерина Маклакова – Ксения Зайцевамен бас жүлдені сарапқа салады.