Жібек Құламбаева Астанадағы жарыстың финалына шыға алмады

Жібек Құламбаева Астанадағы жарыстың финалына шыға алмады
Сурет: Ашық дереккөз

Бірінші партияда Жібек пен Мартина 7:5 есебімен басым түсті

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 60 Women's» турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші поляк қызы Мартина Кубкамен бірге жартылай финалда ресейліктер Полина Кудерметова – Анастасия Тихоновамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Жібек пен Мартина 7:5 есебімен басым түсті. Олар екінші сетте де алға шыққанымен, шешуші сәттерде қателіктерге бой алдырып, мүмкіндіктерін пайдалана алмады – 5:7.

Супер тай-брейкте ресейлік жұп жеңісті жұлып алды – 10:3.

Осылайша, Ж.Құламбаева жарысты жартылай финалдан аяқтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Астанадағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.