Жеңімпаз Жансай пікір білдірді

Жеңімпаз Жансай пікір білдірді
Сурет: Ult.kz

Жансай ел чемпионатын қорытындылады

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, Дзюдодан Оралда өткен Қазақстан чемпионатында Жансай Смағұлов 73 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті.

Жарыс соңында сайтына сұхбат берген спортшы, біріншіліктегі бәсекелестіктің жоғары болғанын айтты. 

«Бұл чемпионат басқаларға қарағанда қиындау болды. Ізімізді басып келе жатқан жастар барына көзім жетті. Әсіресе, жартылай финалда қиындау болды.

Негізі, чемпионаттың финалында 66 келіден ауысқан Ерлан Серікжановпен немесе әлем чемпионатына қатысқан Аңсарбек Ғайнуллинмен кездесемін деп ойлағанмын. Бірақ былтыр ел чемпионы атанған жас балуанмен кездестім.

Бұл салмақтағы бәсекелестік артып келеді, жастардың көбейгені қуантады. Қатты қуаныштымын. Олимпиададан кейін бабымда болдым, салмағым да аса көп емес. Тез қалыпқа келдім. Енді бапкерлермен ақылдасып, жаңа жылдан кейінгі жоспарларға кірісеміз», - деді Смағұлов.