Жеңілдікпен несие әперем деп алдаған алаяқ әйел ұсталды

Жеңілдікпен несие әперем деп алдаған алаяқ әйел ұсталды
Сурет: Inform.kz

Ол үлкен сомада несие әперем деп, қызметі үшін алдын ала сыйақы алған.

Бұрын бірнеше рет сотталған күдікті алматылықтарға бизнесті жеңілдікпен несиелендіріп беруге уәде берген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1973 жылы туған П.есімді азаматшаны полиция Алматы облысында қолға түсірген.

«П.есімді азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу төрт қылмыстық эпизодты дәлелдеді, жалпы шығын миллиондаған теңгеге бағаланды. Әйел алдын ала ойластырылған жоспар бойынша «жұмыс істеді»: үлкен сомаға несие беруді сылтауратып, зардап шеккендерден қызметі үшін алдын ала сыйақы алады, бірақ ол уәдесін орындамайды. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. Біз оның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты, П.есімді азаматшаны таныған адамдарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-708-707-9202; 8-705–555–7763; 8-775-719-2727», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.