Жетісуда этношеберхана ашылды

Жетісуда этношеберхана ашылды
Сурет: Gov.kz

Бұл - жастарды кәсіпке үйретуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба.

Алматы облысында тұратын нәзік жандар жүн өңдейтін және ұлттық көрпелер шығаратын этношеберханасын ашты, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.

Аталмыш шеберхана Қапал ауылында ашылған. Ұйымдастырулардың айтуынша, бұл - ауылдағы кәсіпкерлікті дамытып, жастарды кәсіпке үйретуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба.

Қазіргі уақытта өз кәсібіңді ашып, еңбек ету керек. Сондықтан біз уақыт ағымына қарай өз кәсібімізді бастауға бел будық. Бағдарлама жеңімпазы атанып, қайтарымсыз несиеге қол жеткіздік. Ендігі кезекте ұлттық өнердің қайта жаңғырып, дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді, – дейді цехты ашушылар.

Жобаның жалпы құны 500 мың теңге. Бүгінде 2 жұмыс орны құрылып, 10 адам ұлттық өнердің қыр-сырын оқып-меңгеруде.

«Басты мақсат – ұлттық өнерді әдемі көрпелерге кестелей отырып, дәстүрді қайта жаңғырту. Алғашқы кезеңде этношеберхана өз жұмысын ауыл халқын өніммен қамтамасыз етуге бағыттайды»,– делінген Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарында.