Жетісуда дін істері басқармасына жаңа басшы келді

Жетісуда дін істері басқармасына жаңа басшы келді
Сурет: Dvkomsomolsk.ru

Бұл қызметке Бауыржан Ниет тағайындалды.

Алматы облысындағы дін істері басқармасына жаңа басшы келді. Бұл басқарманы Бауыржан Ниет басқаратын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қаулысымен Бауыржан Ниет дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды.

1986 жылдың 15 қазан күні дүниеге келген Бауыржан Ниет 2011 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі діни істер комитетінде іс-жүргізуші инспектор болып қызмет атқарған.

 2012-2013 жылдары «Алматы облысы дін істері департаменті» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болған. 

2013-2016 жылдары «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің діни бірлестіктермен жұмыс, талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы болған. 

2016 жылы «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің діни бірлестіктермен жұмыс, құқық қорғау органдармен өзара іс-әрекет және сараптама жүргізу бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 

2016 жылы «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің діни ахуалды талдау, ақпараттық-насихаттау және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы болған.