Жетісу құтқарушылары уланған екі ер адамды аман алып қалды

Жетісу құтқарушылары  уланған екі ер адамды аман алып қалды
Сурет: Lubai.eu.org

Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты.

Алматы облысындағы құтқарушлар сұйықтық буымен уланған екі азаматты құтқарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамандардың хабарлауынша, 2021 жылғы 13 шілдеде сағат 12-47-де Алматы облысы Райымбек ауданы Нарыкөл ауылынан бір шақырым жерде 2008 жылдан бері жұмыс істемейтін автожанармай құю станциясының аумағында отыз тонналық бос сыйымдылықты тазалау кезінде 1971 және 1987 жылы туған екі ер адам тез тұтанатын сұйықтық буымен уланған.

«Түскі үзіліс кезінде 1987 жылы туған, ер адамдардың бірі ыдысты тазалай бастады және тез тұтанатын сұйықтық буымен уланудан есінен танып қалды. 1971 жылы туған екінші ер адам түскі астан оралып, көмекке ұмтылды. Арқанның көмегімен ол серіктесін шығарды, бірақ сонымен бірге ол уланып, контейнерде есін жоғалтты. Оқиға орнына келген Алматы облысы ТЖД қызметкерлері арнайы тыныс алу аппараттармен сыйымдылыққа түсіп, ер адамды құтқару арқанының көмегімен шығарды», – делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Екі адам да дереу Райымбек ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар  жансақтау бөліміне, орташа ауыр жағдайда жатқызылған. Қазіргі кезде олардың жағдайы тұрақты.