Жетісу полицейлері «Шартты» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Жетісу полицейлері «Шартты» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады
Сурет: Polisia.kz

Шара барысында 32 бұзушылық анықталды.

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 21-27 маусым аралығында өткен «Шартты» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтының дерегі бойынша, аталмыш іс-шара пробация қызметкерінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын-алу, сондай ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатымен ұйымдастырылған.

Жалпы іс-шараға облыс бойынша 78 пробация қызметкерлері, 48 жергілікті учаскелік полиция инспекторы тартылған болатын.

«Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша облыс бойынша сотталғандар тарапынан 32 бұзушылық анықталды. 48 адамға қатысты аудандық соттарға бас бостандығын шектеу жазаларын бас бостандығынан айыруға ауыстыруға материалдар жолданды. Сондай-ақ, жұмылдырылған қызметкерлердің күшімен іздеуде жүрген жеті сотталған адамның орналасқан жері анықталды. Қазіргі уақытта олар тергеу изоляторына қамалып, сотты күтуде», – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.