Жетісу фермерлері өнімдерін Алматының сауда желілеріне тікелей өткізе алады

Жетісу фермерлері өнімдерін Алматының сауда желілеріне тікелей өткізе алады
Сурет: Mcx.gov.ru

Шаруалар мен саудагерлер арнайы келісімге келді.

Алматы облысының шаруалары өз өнімдерін Алматыдағы сауда орындарына тікелей өткізе алады. Шаруалар мұндай мүмкіндікке арнайы қол қойылған меморандум арқылы қол жеткізе алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eldala.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнім алматылықтар мен Алматы аймағының тұрғындары үшін белгіленген бағамен сатылатын болады. Аталған шаралар Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру болып табылады.

«Бұған дейін маусым айында ӘКК ауыл шаруашылығы өндірушілерінің сауда желілерімен кездесуін ұйымдастырды, оның қорытындысы бойынша сүт және сүт өнімдерін, қант, жұмыртқа және басқа да азық-түліктерді тікелей жеткізу туралы келісімдерге қол жеткізілді. Біздің мақсатымыз Алматы облысының өндірушілеріне сауда желілерімен өзара байланысты орнатуға және жеткізілімдерді келісімшарттармен бекітуге көмектесу болып табылады», - деді «Жетісу» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Азамат Рахимов.

Осы жағдайға байланысты өткізілген кездесулер аясында тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау тәсілдері, атап айтқанда, айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген қарыздар ұсынылды, олар өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, халық үшін тауарлардың қолжетімді болуын қамтамасыз етуі тиіс.

«Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бұл ерекше бақылауда тұрған стратегиялық маңызды мәселе. Бүгін біз ет, май және күріш жеткізу туралы меморандумға қол қойдық. Алдағы маусымға, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап 2022 жылдың сәуіріне дейін біз 22 млрд теңгеге 2,5 мың тонна көкөніс сатып алу туралы шарт жасадық», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов.