Жетісу өңірінде биатлоннан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Жетісу өңірінде биатлоннан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Сурет: Olympic.kz

Жүзден аса спортшы қатысуда.

Алматы облысында биатлоннан жастар арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап. 

Жарыс «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өтуде. Турнир 4 наурызға дейін жалғасады. 

Биатлоншылар бәсекесіне жүзден аса спортшы қатысуда. Жүлделер жарыстың маңызды деген түрлері бойынша тағайындалған.