Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен қылмыстық топ ұсталды

Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен қылмыстық топ ұсталды

Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Жетісу облысында кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткендер ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ондағы мәліметтерге қарағанда, күдіктілерді Жетісу облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерінің көмегімен Жаркент қаласында қолға түсірген. Күдіктілер жергілікті кәсіпкерден 15 мың қытай юанін талап еткен.



– «Ұйымдасқан топ үш адамнан тұрады. Біреуі - Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы облысынан, үшіншісі - Жетісу облысының тұрғыны. Жәбірленуші оларға ақша беру кезінде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.


Аталған факт бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабына сәйкес «Қорқытып алу» жүргізіледі. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0