Жетісу облысында аюмен суретке түскен адамды полиция іздеп жатыр

Жетісу облысында аюмен суретке түскен адамды полиция іздеп жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

Жетісу облысының полицейлейлері өлтірілген аюмен түскен адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Белгісіз азаматтың бұл суреті желіге жарияланған.

«Ақпарат назарға алынғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Жетісу облысының полицейлері қызыл кітапқа енген жануармен түскен ер адамның фотосуреті жасалған күнін, жерін және кім екенін анықтау үшін қажетті шаралар ұйымдастырылды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.