Жетісу облысында ауыл тұрғыны бүкіл орман алқабын кесіп тастаған

Жетісу облысында ауыл тұрғыны бүкіл орман алқабын кесіп тастаған
Сурет: Ашық дереккөз

Шығын көлемі 1 млн теңгеден асты

Жетісу облысында ауыл тұрғыны бүкіл орман алқабын кесіп тастаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер Панфилов ауданының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол Ынтымақ ауылының маңындағы барлығы 56 қарағашты кесіп тастаған. Ер адам кесілген ағаштардың бір бөлігін үйіне апарып үлгерген. Ағаш тәркіленді. Заңсыз кесу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ер адам ағашты отын жинау үшін кескенін айтқан.

Шығын көлемі 1 млн теңгеден асты.