Жетісу облысында алтын тауып, жерді заңсыз қазғандар ұсталды

Жетісу облысында алтын тауып, жерді заңсыз қазғандар ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Ұсталғандар өз қызметіне қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады

Қазып алынған қазбалар (әртүрлі тастар мен құмдар) жүк көлігіне тиелген. Полиция аталған дерекке сәйкес, ҚР ҚК-нің 334-бабының 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша тергеу амалдарын қолға алып, сарапатамалар тағайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жетісу тауларында алтын кенін заңсыз алумен айналысқандар ұсталды. Аталған факті Ақсу ауданында тіркелді. 1 қазанда Баласаз ауылының маңындағы таулы жерлерде жергілікті полицейлер заңсыз алтын іздеу бригадасын ұстады. Бригада алты ер адамнан тұрады, олар Жамбыл облысы мен Алматы қаласынан аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктілер алтын кенін өндірумен айналысқан деп болжанады. 

Ұсталғандар өз қызметіне қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. Тәртіп сақшылары кудіктілерден автокөліктерді (жүк көлігі HOWO, экскаватор, УАЗ), сонымен қатар бұрғылар, электр генераторы, перфоратор, арнайы шыңдар, дайындалған қаптар, киіз үй мен шатырды тәркіледі.