Жетісу ауданында жол жабынының жай-күйі қандай?

Жетісу ауданында жол жабынының жай-күйі қандай? Сурет: Inform.kz

Алматы әкімі Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесті. 


Жол жабынының жай-күйі ауданның барлық  тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселе болып отыр. Былтыр әкімдік ұзындығы 26 км-ден асатын 22 көшеге орташа жөндеу жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2023 жылы ауа райы қолайлы болған кезде, осы жұмыстарды жалғастырамыз. 25 км жолға (28 көше) орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын жақсарту – біздің басты мақсатымыз. 2022 жылы аса сұранысқа ие 8 маршруттың (№40, 41, 70, 135, 52, 56, 69, 80) жылжымалы құрамы, жалпы саны 117 жаңа автобус толығымен жаңартылды. Биыл біз жаңа автобустарды сатып алу барысында паркті жаңарту және жекелеген маршруттарды көбейтуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деді қала әкімі Е.Досаев.



 «Мектеп автобусы» жобасы аясында Жетісу ауданынан мектеп оқушыларын тасымалдауға аса мұқтаж 4 мектеп таңдап алынды. Бұл - № 80, 87, 112 және 193 мектептер. Осы мақсаттарға арнайы 16 автобус бөлінеді, оның 3-еуі осы наурыз айында балаларды тасымалдауды бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23