Жетісу ауданында су мен кәріз жүйесі өзекті мәселе болып отыр

Жетісу ауданында су мен кәріз жүйесі өзекті мәселе болып отыр
Сурет: 24.kz

Бүгін аудан халқымен кездесуде қала басшысы осылай деді.

Ерболат Досаевтың айтуынша, өткір проблемалардың бірі - ауданды сумен қамтамасыз ету, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Биылғы жылы Қазыбаев - Рысқұлов даңғылы - Тәтібеков көшесі - Райымбек даңғылы аумағында, сондай - ақ Сейфуллин – Солтүстік айналым - Рысқұлов-Боралдай көшелерінің қиылысында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және кәріз құрылысы аяқталады.

Мамыр айында 68 көшеде су құбыры мен кәріз құрылысына мемлекеттік сараптама алынды. Құрылыс келесі жылдың көктемінде басталады.

Жолдар тек су құбыры мен кәрізді пайдалануға бергеннен кейін ғана асфальтталады.

Ауданның транзиттік орналасуына байланысты жолдар жарамсыз болып қалады. Жалпы ұзындығы 27,3 км 20 көше бойынша жолдарды жөндеу жоспарланған.