Жетісу ауданында арық жүйелері жөнделеді

Жетісу ауданында арық жүйелері жөнделеді
Сурет: Экспресс К

Бұл - аудан тұрғындарымен кездесуге келген мегаполис басшысының сөзі.

Әкімнің айтуынша, жыл соңына дейін 7 мекенжай бойынша арық жүйесін жөндеу жедел аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қаланың төменгі бөлігінде орналасуына байланысты ауданда су басу жиі болып тұрады. Осыған байланысты жыл соңына дейін 7 мекенжай бойынша арық жүйесін жөндеу жедел аяқталады.

«Олардың ішінде Рысқұлов даңғылы, Райымбек даңғылы, Алматы-2 вокзалы және т.б. Райымбек даңғылындағы су бұру коллекторы қалпына келтіріледі. Бұл мегаполистің жоғарғы жағынан жаңбыр ағынын азайтады. Толық шешу үшін ұзындығы 26,5 км 27 көше бойынша арық желілері мен коллекторларды салу және реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Аудан әкімдігі ұзындығы 4,3 км 27 учаске бойынша арықтарды ағымдағы жөндеуді жоспарлап отыр. "Айнабұлақ-1, 2, 3, 4", "Көкжиек" пен "Құлагер" шағынаудандарындағы және Брюсов, Жансүгіров көшелерінің арықтарын  жөндеу қарастырылған», - деді Ерболат Досаев.