Жетімін жылатпаған ел

Жетімін жылатпаған ел Сурет: Qaz365.kz

Түркияда жер сілкінісінен кейін жетімдер саны өсті.


Нақты саны әзірге белгісіз. Бірақ ата-анасыз қалған балаларды асырап алуға өтініш бергендер саны 300 мыңға жуықтап қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұны осы елдің «Хабертүрік» басылымы хабарлап отыр. Оның дерегінше, бұрын мұндай арыз күніне үш адамнан ғана түсетін. Қазір олардың саны он есеге таяу өскен.


Түркия мен Сирияда жойқын зілзала ақпанның 6-да болып, 47 мыңнан астам адам қаза тауып, талай бала ата-анасынан айрылды. Және де жер сілкіністері дүйсенбіде тағы қайталанып, одан да екі елде бірнеше тұрғын мерт болған.


Тағы бір айта кететін жайт, Түркияда үйлердің құлауына байланысты 564 күдікті тұтқындалғаны белгілі болып отыр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23