Жетісуда әкімдер сайлауына кім қатысады?

Жетісуда әкімдер сайлауына кім қатысады?
Сурет: Dev.report.az

Үміткерлердің арасында ғалымдар мен бизнесмендер және жұмыссыз отырған азаматтар бар.

Шілденің 25 күні Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді. Алматы облысында бұл сайлауға қатысу үшін 279 адам ұсыныс білдірген, олардың арасында ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес өкілдері және уақытша жұмыссыз отырған азаматтар бар, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.

«Ұсынылғандар арасында 154 үміткер - жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер, 32-і - коммерциялық құрылымдардың өкілдері, 70-і - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 10-ы уақытша жұмыс істемейді, 3-і - қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, 6-уы - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 3-і ішкі істер және әскери салалардың зейнеткерлері. Арасында ғылыми дәрежесі бар кандидат та бар», - деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық.

Үміткерлердің орташа жасы - 41,3 жас.

«Орташа бәсекелестік деңгейі 3,9 адамнан келеді. Ұсынылған 279 үміткердің 249-ы - ер, 30-ы - әйел азаматшалар», – делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.