ЖЕРЛЕУ РӘСІМІНЕ ІРІ ҚАРА СОЙЫЛСА…

99имамдар жаназа-дұға оқымайтын болды

Қырғыздың оңтүстігінде жергілікті билік пен имам-молдалар  өлікті жерлеуге кететін шығынды азайту мәселесін  тағы да көтерді

Жалал-абад облысының Ала-буке ауданының жергілікті жұртшылығы діни адамдармен бірлесіп, өлікті жерлеуге жіберілетін шығынды азайтуға пәтуаласты. «Егер марқұмды еске алуға арналған  дұға шарасына ірі қара малы сойылса, жергілікті имамдар құран оқымауға бекініп отыр». «Интерфакс» ақпарат құралына аудандық әкімшіліктен өткен жұмада осылай деп хабарлаған.

Ала-букеліктер мұндай қадамға бұрын жасалған талай әрекеттер нәтиже бермегендіктен барып отыр. «Егер имамдар жаназа шығармайтын болса (исламның  өлік шығару рәсімі), бұл, бәлкім, жерлеу шығынын азайтар деген үміттеміз», – дейді әкімшіліктегілер.

Қырғызда еске алу рәсімінде ірі қара, жылқы сою етек алып барады. Бұған әрбір отбасының шамасы келе бермейді. Бірақ, олар қатардан қалмау үшін қарызға немесе банктен несие ақша алуға мәжбүр. Марқұмды жерлегеннен кейін баспанасыз қалу мысалдары кездесуде.

«Ар-намыс» фракциясының депутаты Қаныбек Осмоналиевтің есебі бойынша,  2010-2011 жылдары республика жұрт­шылығы өлікті жерлеу мен марқұмды еске алу рәсіміне жыл сайын 2 млрд. сом немесе 50 млн.доллар (сол кездегі доллар бағамы бойынша) жұмсап келген. Ол кезде республикада орташа жалақы 80-100 долларды құраған екен.

azan.kz сайтынан.

(Орыс тілінен аударылды).

 

Бүгінгі хадис

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ..): Әрбір таң арайлап атып, Алланың құлдары ұйқыларынан оянып жатқанда, көктен екі періште түседі. Бірі: Уа, Алла Тағалам! Дүние-мүлкін игі жолға жұмсағанның дүниесінің орнын толтыра гөр, – десе, екіншісі: Уа, Алла Тағалам! Жиған-тергенін жұмсамай, тығып отырған сараңды шығынға ұшырат, – деп дұға жасайды – деп айтты» – делінген. 

(Бұхари, зәкәт 27; Муслим, зәкәт 57).

«Қала және иманды»   әзірлеген – Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *