Жерлестер «Тур де Ски» жарысына қатысуда

Жерлестер «Тур де Ски»  жарысына қатысуда
Сурет: Оlympic.kz

Отандық спортшыларға артылған үміт мол

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің дерегінше, бүгін, 29 желтоқсанда, Швейцарияда шаңғы жарысы бойынша «Тур де Ски» көпкүндігі басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кезекті жарыс күнінде әйелдер классикалық жүріс бойынша 10 км, ал ерлер 15 км қашықтықты бағындырады.

Қазақстан құрамасынан Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Виталий Пухкало және Евгений Величко жарыс жолына шығады. 

Айта кетерлігі, кеше спринт бойынша додо өткенімен, отандық спортшылар іріктеу кезеңінен аса алмады.