Жерлестер дзюдодан жүлделі болуда

Жерлестер дзюдодан жүлделі болуда
Сурет: News.sportbox.ru

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржыны жүлделермен толығуда

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ливанда Азия чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ел құрамасы құрлықтық біріншіліктің алғашқы жарыс күнінде 3 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Алтын - Айбек Иемберген (50 кг)

Алтын -  Талғат Орынбасар (55 кг) 

Алтын - Аружан Ережепова (52 кг)

Күміс - Нұрайлым Сәрсенбек (44 кг)

Күміс - Сабина Юлдашбекова (48 кг)

Күміс - Санжар Әли (50 кг)

Күміс - Акбар Алтай (66 кг)

Қола - Зере Өтепқали (40 кг)