Жерге жаңа астероид жақындап келеді

Жерге жаңа астероид жақындап келеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Астероидтың диаметрі жарты шақырымға тең

Екі ресейлік обсерватория 2022 SE37 жаңа астероидын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ТАСС агенттігінің жазуынша, М.В. Келдыш атындағы Қолданбалы математика институтына қарасты екі обсерватория астероидтың Жерге жақындап келе жатқанын айтты. 

Институт ғалымдары астероидтың диаметрі жарты шақырымға тең екендігін анықтады. Ол 3,44 жыл кезеңмен орбита бойынша Күнді айналып жүр.

«Алдағы келешекте астероид Жерге ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ», - делінген институт таратқан хабарламада. 

Астероид Кочеванчик кентіндегі және Кубан мемлекеттік университетіндегі телескоппен түсірілген.