Жерді балабақшаға берді

Қаладағы Әуезов ауданында мектептерді кеңейтудің арқасында оқушылар үшін 3600 жаңа орын пайда болады. Аудан әкімі Сайран Тапенұлы биыл ауданның 5 мектебінде негізгі ғимараттарға жапсарлас құрылыс жұмыстары жалғастырылғанын айтты.

Мысалы, аудан бойынша №6, №117, №121, №132 және №133 мектептер кеңейтіледі. Барлығы қосымша 3600 орын болады.

Сондай-ақ, №23 балабақшаға сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізуді аяқтау жоспарлануда. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Алтын-Бесік» ықшам ауданында Алматы технологиялық университетінің жатақханасын салу жоспарланған жер учаскесінде мемлекеттік балабақша салынады.

Динара МҰРАТ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *