Жер орбитасында 1,6 мыңнан астам Starlink жер серіктері айналып жүр

Жер орбитасында 1,6 мыңнан астам Starlink жер серіктері айналып жүр
Cурет: pixabay.com

Ғалымдар Илон Масктың жерсеріктері зерттеуге кедергі келтіретінін айтты

SpaceX компаниясының көптеген Starlink жерсеріктері астрономдарға сапалы суреттер түсіруге әрі ықтимал қауіпті астероидтарды бақылау жұмысына кедергі келтіруі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Astrophysical Journal Letters ғылыми журналында жарияланған зерттеуде айтылады.

Зерттеушілер Starlink жерсеріктерінің Оңтүстік Калифорниядағы Паломар обсерваториясында астрономдар түсірген 300 мыңға жуық суреттерге әсерін талдады. Сонымен, 2019 жылдың қарашасынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін олар сапасыз суреттер санының 35 есе өскенін анықтады. 2019 жылы түсірілген суреттердің 0,5% көлегейленіп қалса, ал қазір бұл көрсеткіш 20%-ға дейін өскен.

Вашингтон университетінің астрономы Эрик Беллдің айтуынша, күн сәулесінің шағылысқан жолақтары қауіпті астероидтарды іздеуді қиындатуы мүмкін.

Зерттеушілердің айтуынша, қазір Жер орбитасында 1,6 мыңнан астам Starlink жер серіктері айналып жүр. Жалпы алғанда, компания 12 мың нысанды айналымға шығаруға рұқсат алды және тағы 30 мыңына өтінім берді.