Жер комиссиясының жұмысы тоқтайды

Жер комиссиясының жұмысы тоқтайды
Сурет: Alashainasy.kz

Сенат отырысында заң жобасы мақұлданды.

Жер учаскесіне құқық беру процестері электронды форматқа көшкен соң өңірлердегі жер комиссиялары таратылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Енді Астана, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық беру "электронды үкімет" порталы арқылы ғана жүзеге асады. Ол үшін қала құрылысы сынды деректерді көрсететін қоғамдық кадастрлық карта әзірленеді.

Заң жобасының қорытындысына сәйкес, аталған аумақтарда жер учаскесіне құқық беру процестерін автоматтандыруға байланысты жер комиссиясының, сондай-ақ уәкілетті органдардың жер-кадастрлық жоспарды әзірлеуі және бекітуі алынып тасталады.