Жер бетінде босқын саны 100 млн-нан асты - БҰҰ

Жер бетінде босқын саны 100 млн-нан асты - БҰҰ
Cурет: 24.kz

Украинада әскери шиеленіс басталғалы 8 млн азамат ел ішінде қоныс аударды

Жер бетінде өз үйлерін тастап өзге жерге босып кеткендердің саны 100 млн-нан асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Олардың ішінде ел ішінде қоныс аударып, шет ел асқан босқындар да бар. Бұл БҰҰ-ның ұсынған мәліметі. Айтуынша, соңғы жылдары статистиканың күрт өсуіне Ресей мен Украина арасындағы қарулы-қақтығыс септігін тигізді.

Бұған қоса өзге елдердегі жанжал мен экономикалық дағдарыстың белең алуы, адам құқығының бұзылуы мен қылмыстың өршуі де жағдайдың ушығуына себеп дейді мамандар. 

Айта кетейік, Украинада әскери шиеленіс басталғалы 8 млн азамат ел ішінде қоныс аударды. Тағы 6 млн-нан астамы өзге елге көшуге мәжбүр болды.