Жерасты өткеліне бейнекамералар орнатылды

Жерасты өткеліне бейнекамералар орнатылды Almaty-akshamy.kz

Алматыда Қалқаман ш/а жөндеуден өткен жерасты өткеліне жарық жүргізіліп, бейнекамералар орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Наурызбай ауданындағы жерасты өткеліндегі паннода Қалқаман батыр бейнеленген


Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданын жұмыс сапарымен аралау және тұрғындармен кездесу барысында 7-ші «Қалқаман» қалалық ауруханасының жанындағы жаңғыртылған жерасты өткелін көрді. Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.


Биыл қыркүйек айында басталған жөндеу жұмыстары кезінде керамогранитті плиталар, жарық желілері мен сәндік панельдер, электр кабельдері орнатылды.


Қала басшысы бұған дейін Алматының жерасты өткелдеріне жарық жүргізіп, қауіпсіз ету міндетін қойған болатын. Қалқаман шағын ауданындағы жерасты өткелінде жарықтандыру орнатылып, полиция бекетімен байланысы бар бейнебақылау камералары ауыстырылды. Бұл метродағы стихиялық сауданың алдын алып, вандализмнен күресуге көмектеседі.



Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева Ерболат Досаевқа бүгінде қалалық аурухананың жанындағы жерасты өткелі бойынша жұмыстар аяқталғанын баяндады. Қазір онда тәулік бойы әуен ойнайды.


Суретшілер одағы тапсырыспен жасаған қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан қорғаушы Қалқаман батыр бейнеленген панно жаңғыртылған нысанның безендірілуі болып табылады. Бұл панельде әскери қару-жарақтың, қалқанның, жебенің және ат әбзелдерінің бейнесі қолданылған. Арт-нысанда QR-код бар, ол бойынша Наурызбай ауданы (алаң, әлеуметтік нысандар, аудан әкімдігінің байланыс деректері) туралы ақпаратты білуге болады.


Айта кетейік, бұл жерасты өткелдерін 10 мыңға жуық адам пайдаланады. Наурызбай ауданында барлығы 3 жерасты жаяу жүргіншілер өткелі бар:


1. Райымбек даңғылының бойында № 7 ҚКА алдында (Орталық);


2. Райымбек даңғылының бойында Жібек жолы базарының алдында (Әшімов көшесінің шығысында);


3. Райымбек даңғылының бойында, Сұраншы батыр көшесінің қиылысы (Әшімов көшесінің батысында).



Алматыда 2023 жылы барлығы 42 жерасты және 49 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әрқайсысында жарықтандыру мен бейнебақылау жүргізіледі және жайлы жүріп-тұру үшін, оның ішінде қозғалуы қиын топтар үшін инфрақұрылым құрылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38