«Жеңіс» жобасының аясында ардагерлер пойызбен тегін жүреді

«Жеңіс» жобасының аясында ардагерлер пойызбен тегін жүреді
Сурет: Elorda.info

Былтыр 200-ден аса Ұлы отан соғысының ардагері мен тыл еңбеккері теміржол көлігімен тегін жүру мүмкіндігін пайдаланды.

Игілігі сезілген ілкімді іс биыл да жалғасын таппақ. «Жеңіс» жобасының аясында қадірлі қариялар Қазақстанда ғана емес барлық ТМД елдерінде теміржолмен тегін сапарлай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Одан бөлек, еріктілер де ардагерлерге көмекті үдетеді. Дәлірек айтсақ, жыл бойына 1400-ге жуық ардагерге көмектесу көзделген. Оған 500 ерікті атсалысады. Олар қариялардың үй-аулаларын тазалап, қолғабыс етеді, көңілдерін көтерумен айналысады. Сондай-ақ тұрмыстық техника, мүгедектер арбасы және есту құралдарымен қамтамасыз етеді.