Жеңілдетілген автонесие қашан беріледі?

Жеңілдетілген автонесие қашан беріледі?
Сурет:NUR.KZ

Бұл сұраққа Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап берді.

Оның айтуынша, 16 мамырдан бастап банктер жеңілдетілген автокредитті беруді бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Кеше және бүгін банктер директорлар кеңесімен бірге корпоративті процедураларын жүргізіп жатыр. Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен тиісті келісімге келді... Дүйсенбіден  бастап, кредитті беруді бастайды», - деді Роман Скляр.

Бұған дейін бұл бағдарламаны несиелендіру үшін екінші деңгейлі бес банк анықталған.