Жеңілдетілген автокредит беретін банк саны артты

Жеңілдетілген автокредит беретін банк саны артты
Сурет: Тengrinews.kz

Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди айтты.

Бүгін жеңілдетілген автокредитті беретін банк саны артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Автонесие алуға өтініштерді «Банк Центркредит», «Еуразиялық банк», «Халық банк» қабылдап жатыр, ал бүгіннен бастап ForteBank жеңілдетілген автокредитке өтініштерді қабылдауды бастайды», - деді Ғалымжан Әди.

Айта кетейік, биыл 16 мамырда Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасы іске қосылған еді.