Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ел құрамасы қоржынына бесінші алтын медаль түсті

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ел құрамасы қоржынына бесінші алтын медаль түсті
Сурет: Elorda.info

Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында 300-ден астам спортшы бақ сынады

Құрлықтық додада еліміздің əйелдер құрамасы эстафетада (4+400 м) мәре сызығын бірінші болып қиды. Қазақстандық Аделина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кондрашева мен Элина Михина алдына жан салған жоқ. Көрсеткіші – 3:44.21 секунд, Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін ел құрамасынан Каролин Чепкоеч 3 000 метрге жүгіруден мәре сызығын бірінші болып қиса, Элина Михина әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде, биіктікке секіруде Надежда Дубовицкая және ерлер құрамасы эстафетада топ жарды.

Сондай-ақ, ерлер арасында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Михаил Литвин, 60 метрге жүгіруде қазақстандық Ольга Сафронова, биіктікке секіруде Кристина Овчинникова күміс жүлде алды.

Ал Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жарысуда, биіктікке секіруде Елизавета Матвеева қола жүлдегер атанды.

Жарысқа 31 елден келген 360 спортшы қатысты. Олар жеңіл атлетиканың 26 түрінен сайысқа түсті.