«Жемқорлықты қабылдау индексі» зерттеу рейтингінде Қазақстан 102-ші орында

«Жемқорлықты қабылдау индексі» зерттеу рейтингінде Қазақстан 102-ші орында Сурет: Egemen.kz

Қазақстандықтардың жемқорлыққа деген көзқарасы қандай? 


Transparency International халықаралық жемқорлыққа қарсы қозғалысы биылғы «Жемқорлықты қабылдау индексі» атты зерттеудің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Рейтингте Қазақстан 100 балдың ішінен 37 балл жинап, 180 орынның ішінен 102-орынға жайғасты. Гамбия мен Шри-Ланка да сондай балл жинаған.


Былтыр Қазақстан 94-орынға табан тіреген болатын.


Жемқорлықты қабылдау индексі дегеніміз – әртүрлі елдердің мемлекеттік секторында жемқорлыққа деген көзқарас деңгейін өлшейін индекс. Ол 1995 жылдан бері жыл сайын шығып тұрады және бүгінде қоғамдық сектордағы жемқорлықты бағалау үшін кеңінен қолданылатын құрал болып келеді.


Transparency International ұйымы бұл индексті әлем бойынша тәуелсіз ұйымдар ұсынатын сарапшылық бағалаулар негізінде құрастырады. Онда мемлекеттер 0 мен 100 балл арасындағы шкала бойынша тізімделеді, бұл жерде 0 жемқорлықты қабылдаудың жоғары деңгейін білдірсе, 100 ең төмен деңгейін білдіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04