Жемқорлыққа қарсы агенттіктің алты өңірдегі департаментінің басшысы ауысты

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің алты өңірдегі департаментінің басшысы ауысты
Сурет: Avesta-news.kz

Жаңа басшылар тағайындалды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алты өңірдегі департаментіне жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Атап айтқанда, ҚР Президенті жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымына сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен:

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Секешұлы Қарымсақов;

- Алматы қаласы бойынша департамент басшысы болып Асхат Оразханұлы Оразхан;

- Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев;

- Атырау облысы бойынша департамент басшысы болып Досанов Ерлан Азаматұлы;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы болып Денис Владимирович Шакенов;

- Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы болып Болат Нұрғазыұлы Жилкибаев;

- Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы болып Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев тағайындалды.