Жемқорлардан қанша ақша тәркіленді?

Жемқорлардан қанша ақша тәркіленді?
Сурет: Вugin.kz

Кейін бұл ақша өңірлерге таратылады.

Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлардан тәркіленген соманы жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгінде қазынашылық органдарда арнайы есепшот ашылған. Соған жемқорлардан тәркіленген ақша аударылып отырады.

"Қазіргі кезде ол есепшотта, шамамен, 120 миллиард теңге жиналды. Біз Оқу-ағарту министрлігінен өтінімдерді күтіп отырмыз. Алдымен үш ауысыммен оқитын мектептер жөнделеді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бар, мектепті кеңейту үшін қосымша құрылыс салынады. Есепшоттағы ақша ең бірінші соған жұмсалады", - деді Жамаубаев Сенатта өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, барлық өтінім республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.

Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлардан тәркіленген қаражатқа мектеп салуды тапсырды.