Желіде Елбасының архивтік фотосы жарияланды

Желіде Елбасының архивтік фотосы жарияланды
сурет: Elbasy.kz

ҚРТұңғыш Президенті үнемі спортты насихаттап, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап келеді.

Спорт күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың теннис ойыны кезінде түскен мұрағаттық суреті жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттап келеді», - деп жазды Елбасының баспасөз қызметі Instagram парақшасында.

Еске салсақ, бүгін қазақстандықтар Спорт күнін атап өтуде.