Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған ескерткіштің үздік жобасына ашық конкурстың БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ

Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған ескерткіштің үздік жобасына ашық конкурстың  БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ
almaty-akshamy.kz
  1. Байқаудың мақсаттары

Қазақстан Республикасында тұрғызылып жатқан ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияға ұсыныс енгізу үшін көркем-сәулет және мүсіндік композиция жасау жолымен Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған ескерткіштің ең үздік тұжырымдамалық мүсіндік-көркемдік шешімі айқындалсын.

  1. Конкурстың бағдарламасы

Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған "Желтоқсан" ескерткіші - 1986 жылғы болған, Қазақстан тарихында түбегейлі бетбұрыс, жаңа, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының басы болған оқиғалардың барлық маңыздылығы мен драматизмін бейнелеуі тиіс. Оқиғаларды бейнелейтін образдар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі үшін күрескен оның қатысушыларының жастығын, оқиғаның тарихилығын көрсетуі керек.

Ескерткіш қойылатын орынның архитектуралық және ландшафттық ерекшелігімен үйлесуі керек.

Жобада берік материалдар (мәрмәр, гранит, қола және т.б.) пайдаланылуы тиіс.

Орнатылатын орны –Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, «Жас Қанат» шағын ауданы, «Желтоқсан» саябағы. 

  1. Конкурстың шарттары

Конкурсқа барлық қалаушылар, сондай-ақ авторлық ұжымдар қатыса алады. Конкурстың өткізілуі: 2021 жылғы 15 желтоқсан мен 2022 жылғы                     15 ақпан аралығы. Жобалар 2022 жылдың 15 ақпаннан кешіктірілмей мына мекенжайға: 050000, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы, № 444 кабинетке тапсырылады.

Басқа қалалардағы авторлар жобаларды белгіленген мерзімнен кешіктірмей пошталық түбіртек нөмірін алдын ала хабарлай отырып Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мекенжайына жібереді.

Конкурсқа жобалары алты таңбалы санмен белгіленген ұранмен ұсынылады. Ұран конкурсқа ұсынылған жоба материалының, сондай-ақ конверттің жоғарғы оң жақ бұрышында жазылады (биіктігі 1 см). Желімделген ұрандық конвертте авторының аты-жөні мен мекенжайы көрсетілген ақпараттық парақ салынады.

Қысқаша түсініктеме жазба ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастыру қағидалары және негізгі идеясы мазмұндалған №14 өлшемді «Тімеѕ New Roman» қарпімен бірінші жол аралығымен басылған 2 парақтан аспайтын мәтіннен тұратын 2 данада ұсынылады.

Конкурс қорытындысы бойынша Алматы қаласының Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы шешім қабылдайды.

Конкурс шарттары сақталмай ұсынылған жобалар конкурсқа жіберілмейді және Комиссияда қаралмайды.

  1. Конкурстың жоба ұсыныстарының құрамы және ұсынылатын материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
  1. Ескерткіш (мүсіндік туынды) эскизі масштабы 1:10
  2. Бас жоспар (схемалық жоспар) масштабы 1:200
  3. Ескерткіш (мүсіндік туынды) 2 фасады, 1 перспективасы   масштабы 1:20
  1. Түсініктеме жазба

Жобалар 60х80 см көлемдегі планшетте беріледі. Графикалық орындау әдістері макеттің түсі, техникасы және материалы авторлардың қалауы бойынша орындалады.

Қосымша ақпараттар пен анықтамаларды 8 (727) 272-11-09 телефоны арқылы алуға болады.