Желтоқсанда неше күн демаламыз?

Желтоқсанда неше күн демаламыз?
Сурет: Kipmu.ru

Биылдан бастап 1 желтоқсан – жұмыс күні.

Тәуелсіздік мерекесі тек 16 желтоқсанда тойланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Биыл желтоқсанда бұрнағы жылдармен салыстырғанда, мереке күндері азайды.

Сонымен, 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Биылдан бастап бұл күн – жұмыс күні.

Тәуелсіздік күні биыл тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады.

Сонымен желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында:

бес күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі);

алты күн жұмыс істейтіндер – 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі) демалады.

Жалпы желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар.

Биылғы жаңа жыл сенбі (31 желтоқсан) және жексенбі (1 қаңтар) күндеріне сәйкес келеді. Екі күн де ​​қазақстандықтар жұмыс істемейді.