Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Khabar.kz

Бүгін елдің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

"Қазгидромет" синоптиктері 28 мамыр, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Бұл күні атмосфералық фронттар жүріп өтеді, соның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Ал солтүстікте, оңтүстікте, орталықта Солтүстік антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді, батыста шаңды дауыл, күндіз солтүстікте бұршақ жауады.
Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Қарағанды, Улытау облыстарының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.