Жексенбіде католиктіктер Пасханы мерекелейді

Жексенбіде католиктіктер Пасханы мерекелейді
vazhnoznat.com

Католиктік Пасха – христиан дінінің негізі мерекесі – Құдайдың ұлы Иса Мәсіхтің қайта тірілуін бейнелейтін басты мереке.  Православтардағыдай католиктік Пасха да көктемдегі Ай толған алғашқы жексенбіде тойланады.

Католиктік Пасханың алдындағы апта Ұлы апта деп аталады, оның әрбір күні қасиетті деп саналады. Мереке күні дәстүрлі түрде таратылатын түрлі түске боялған Пасха жұмыртқалары жаңа өмірдің мағынасын білдіреді, сонымен қатар Исаның қабірінің пішінін бейнелейді.

Пасханың негізгі түстері - ақ және алтын. Америка шіркеулерінің ішін бұл күні лалагүлдермен безендіру дәстүрге айналған. Ерте көктемде алғашқы гүлдейтін ақ гүлдер сұлулықтың, тазалықтың белгісі іспетті. Православиедегі сияқты, католицизмде де Пасха - 40 күндік оразаның аяқталуын білдіретін діни мереке.