Жедел әрекет ету топтарының есебі тыңдалды

Жедел әрекет ету топтарының есебі тыңдалды
tambov.gov.ru

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаевтың төрағалығымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасының Жол картасындағы «Отбасы мен балаларға құқықтық қорғауды қамтамасыз ету» 2.1 тармағының орындалуы бойынша әлеуметтік әл-ауқат, білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары және жедел әрекет ету топтарының қатысуымен Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Іс-шара барысында Алматы қаласындағы 8 ауданда құрылған жедел әрекет ету топтары модераторларының есебі қаралды. Партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев жедел әрекет ету топтарының жұмысын одан әрі күшейту бағытында егжей-тегжейлі түсіндіріп, жұмыстың нәтижесін көтеруге байланысты ұсыныстар айтты.

Сонымен қатар, жедел әрекет ету топтарының мақсатын, міндетін және ұйымдастырылу шараларын толықтай түсіндіріп өтті. Қалада 2020 жылдың 26 мамырынан бастап жалпы 8 негізгі жедел әрекет ету топтары мен 102 кіші топтары құрылып, жұмыстарын жүргізуде. Осы топтардың жұмыстарының арқасында зорлық-зомбылыққа тап болған отбасылардың жағдайларын жедел анықтауға және уақытында қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік туды.

Сондай-ақ, Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, жергілікті атқарушы органдар және партияның аудандық филиалдары бірлесе қаладағы қосымша білім беру мекемелерінің балаларға қолайлы жағдай жасауы бойынша жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы қаралды.

Жалпы, білім басқармасына қарасты 18 мемлекеттік қосымша білім беру мекемесі бар, онда қазіргі уақытта 14 899 бала оқиды, оның 925-і халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады, бұлар: жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылғандар. Бұл топтағы барлық оқушылар тегін  және жеңілдетілген шарттар бойынша білім алады.

Кездесу соңында пікір алмасып, барлық туындаған мәселелер бойынша қатысушыларға түсініктемелер берілді, ұсыныстар айтылды.